Меню KDT

Новости

 

Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай «Азаттықты аңсаған айбынды Алаш» атты тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды

Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай «Азаттықты аңсаған айбынды Алаш» атты тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 "Алаш" туының астында

Куә болсын Арымыз!

Көркейтуге Алашты

Құрбандық біздің жанымыз!

Жасасын, Алаш, жасасын! – деп С.Торайғыров өткен ғасырдың басында "Алаш" қозғалысы жайлы жырлаған болатын. Қазақ тарихының ақтандық беттерін қарап отырсақ, ұлт тағдырын, халық қамын жете ойлаған Алаш арыстары қызыл империяға қарсы қаймықпай күресіп, тәуелсіздік үшін жандарын құрбан еткен. Міне, сол "Алаш" қозғалысына биыл 100 жыл. «Алаш» қозғалысының 100 жылдығына орай Дәуіт орта мектебінің кітапханасында «Азаттықты аңсаған айбынды Алаш» атты тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 Көрменің ұйымдастыру мақсаты: Қазақстан қоғамын жаңғыртуда «Алаш» қозғалысының шығармашылық мұрасын және принциптік көзқарастарын насихаттау.    

Оқырмандарға қазақ халқының ғасырлар бойы өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы зұлмат жылдары елінің азаттығын аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу, өз елін, жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу.

     Бұл көрме орта  және  жоғары сынып оқушылары мен ұстаздар қауымына арналады. Көрмеде  журнал-газет беттерінен алынған мақалалары, очерктер, деректі материалдар жинақтары, «Алаш» қозғалысы мен оның қоғамдағы тарихи рөлі туралы, XІX ғасыр соңы мен XX ғасыр басында өз халқының тәуелсіздігі жолында жан аямаған «Айбынды Алаш арыстары» туралы айтылған кітаптар жинақтары, буклеттер, «Алаш» туралы айтылған  асыл сөздер, қоғам қайраткері, ұлт – азаттық  «АЛАШ» партия қозғалысының негізін қалаушы Әлихан Бөкейхановтың жеке тұлғасы туралы деректер, фотосуреттері, «АЛАШ» қозғалысының тарихы жайында жасалынған кітапша жинақтары, ақын-жазушыларының «Алаш партиясы» туралы жазған өлеңдер жинағы және «Алаш ұлттық рух арқауы» атты жинақ папкасы көрме сөресіне қойылды.

Кітап көрмесі   3-бөлімнен тұрады:

1 - бөлім: «Азаттықты аңсаған айбынды Алаш»

2 - бөлім: «Алаш көсемі Әлихан Бөкейханов»

3 - бөлім: «Алысқа ұшқан, арман құшқан арыстар» - деп аталады.

  Мұның бәрі оқырмандар қауымына «Алаш қозғалысы» туралы біліп жүрсе, ең болмаса суреттерін көріп көкейлеріне ой түйсе деген игі ойдан туындаған еді.                  

  

     2017 жылы Алаш ұлттық автономиясының, Алаш партиясының және Алаш үкіметінің құрылғанына 100 жыл толады. Бұл ұлттық демократиялық қозғалыс тарихындағы елеулі кезең. Алаш қозғалысының ұстанымдары қазақ мемлекеттігін мақсат етті. Бірақ, азаттықтың жаршысы болған Әлихан Бөкейхан бастаған Алаш қайраткерлеріне көздеген мақсаттарына жетуге мүмкіндік болмады. Алаш арыстарының ең басты еңбегі заманның қиыншылықтарына қарамастан ел еркіндігіне ат салысып,  қолдан келгеннің бәрін жасады. Сол жолда қанын да, жанын да аяған жоқ. Дегенмен, бостандық жолында құрбан болған Алаш арыстарының еңбегі мен ерлігі зая кеткен жоқ. Олардың арман-мақсаттары бүгінгі таңда орындалды. Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан оған дәлел». Сонымен қатар ол  Алаш қайраткерлерінің тәжірибесі Елбасы айқындап берген «Мәңгілік ел» патриоттық актісімен үндесіп жатқанын, осы ретте Президентіміз Н.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» еңбегінің «Алаш мұрасы және осы заман» атты тарауында 20 ғасырдың басында қазақ қоғамында зиялы қоғам қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал. Тұғыры биік тәуелсіз мемлекет құруға ұмтылған Алаш қайраткерлері көтерген ұлттық мәселелер бүгінгі күннің тәуелсіздік мұраттарымен сабақтасып жатыр. Осыдан 100 жыл бұрын құрылған Алашорданың бүгінгі бейнесі – Тәуелсіз Қазақстан. Ал бүгінгі Қазақстанның алып жері Алаш арыстарының аманаты. Ахмет Байтұрсынұлының сөзімен айтқанда "Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін", Мағжанның тілімен айтқанда "Мен жастарға сенемін" деп болашақ ұрпақ үшін тәуелсіздіктің алғышарттарын жасап кеткен. Азаттық пен бейбітшілік жолындағы Алаш істеріне өкінбеді. Себебі, аққан қан мен төккен тердің зая кетпесін сезді, соның айғағы – бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан.



Просмотров: 1491

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Опрос

Скоро Новый год.Что Вы ждете от 2018?

Голосовать

Статистика

  • За месяц71
  • За неделю13
  • Вчера0
  • Сегодня0
  • Онлайн:0

 Полезные ссылки
​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​​